RU

Оралда жігіттерді бірден Сирияға аттандыратын "уағызшы" сотталып кетті

Оралда атышулы Әбдіхалил Әбдіжаппаровқа қатысты сот үкімі шықты. «Халил шейх» немесе «ұстаз» деген атпен танымал азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Ол дінаралық алауыздық тудырғаны үшін кінәлі деп танылып отыр. Бірақ өзі кінәсін сол күйі мойындаған жоқ.

Тергеу мәліметінше, Халил шейх 2003-2006-шы жылдары Батыс Қазақстанда дәстүрлі емес исламды уағыздап, лаңкестікті насихаттаған. Алдымен жұрттың сеніміне кірген Әбдіжаппаров кейін оларды жалдамалы пәтерлерге жинап, лекцияларын оқыған. Осындай дәрістерден кейін Ақтөбе, Орал және Атырауда радикалдық топтар көбейіп, олар Қазақстанның түрлі аймағында лаңкестікке дайындалыпты.

Тағы оқыңыздар: Жантүршігерлік өлім: Қостанайда көлік қаққан қыздың қолы бірнеше жерден бөлініп қалған

Әбдіжаппаровтың кейбір шәкірттері тіпті Сирия мен Ауғанстан аумағына өтіп, содырлардың қатарын толықтырған. Халил шейх 2006-шы жылдан бері отбасымен бірге Сауд Арабиясында тұрып келген еді. Бірақ биыл ақпанда депортацияланып, бүгін сотталды.

"Сараптама қорытындыларымен, дисктарына жазылған лекциялары және құжаттармен дәлелін тапты. Куәлардың сотта берген жауабы бойынша осы Әбдіжаппаровтың уағыздарынан кейін 30-дан аса ҚР азаматтары сотты болды", - дейді  Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының аға прокуроры Ерлан Мұхтаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590011-oralda-zhigitterdi-birden-siriyagha-att.html