RU

Таразда "арызына ешкім құлақ аспағанын айтқан" ер адам секіріп өлмек болды

Еңбек инспекциясына келіп, өтініш айтқан ер адам арызының қаралатына сенбей, өзін өзі өлтірмек болды деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жамбыл облыстық ІІД бұл деректі растап отыр.

«14 тамызда сағат 15:00-де Жамбыл облыстық Еңбек инспекциясының ғимаратында Шүленбаев Нұржан есімді азамат 6-қабаттан секірмек болған. Ол 1984 жылы туған", - деп түсінік берді ІІД.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ер адам қызметкерлердің бірінің үстінен шағым айтып келген.

Тағы оқыңыздар: Оралда жігіттерді бірден Сирияға аттандыратын "уағызшы" сотталып кетті

«33 жастағы жігіт бөлім басшысына барып, қызметкерлердің бірінің үстінен шағым түсірген. ОБөлім басшысы арызын хат жүзінде жазып, қалдырып кетуін сұраған. Куәгерлердің айтуынша, дәл сол сәтте жігіт өзінің арызына ешкім назар салмайтынын айтып, айғайлай бастаған. Содан соң терезе жаққа барып, секірмек болған. Оны осы бөлімшенің қызметкерлері ұстаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары қолға алынды", - дейді Жамбыл облыстық полиция қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590042-tarazda-sheneunikterdinh-isti-qarayty.html