RU
Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды (видео)
Жаңалықтар Спорт

Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды (видео)

Расказать Вконтакте

Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиадасының бокстан барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекесі өз мәресіне жетті.

Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды (видео)

Фото: vesti.kz

Ерлер арасындағы 75 келі салмақта Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаң және Шыңжаң автономиялық өлкесінің боксшысы, ұлты қазақ Тоқтарбек Таңлатханұлы қолғап түйістірді.

Ақтық бәсекені Қытайдың орталық телеарнасы CCTV-5 спорттық каналы тікелей эфирде көрсетті. Бес раундқа созылған жекпе-жекте Тоқтарбек қарсыласына жойқын соққыларын дәл тигізіп, айқын басымдылық көрсеткендігін байқауға болады.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық боксшы Альвареске Головкинді қалай жеңу керектігін айтты

Қытайлық коментаторлар Тоқтарбекті «айқын басымдылықпен жеңіске жетті» десе де, төрешілер жеңісті 5:0 есебімен Вэн Инхаңға берді.

Төрешінің ашық әділетсіздігіне қытайлық бокс жанкүйерлері өз наразылығын білдірді. Олардың басты ұстанымы басқа ұлттардың спорттағы жетістігін қақпайламай, олардың Қытай боксының дамуына қосқан үлестерін бағалау керек екенін айтуда.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
82
2
4
11
0
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір