RU

Алматыда жас қыз өзін зорламақ болған кәсіпкерден көрген қорлығын жайып салды

Алматы облысының тұрғыны Әсем өзін зорламақ болған Дүйсен Смаилов есімді кәсіпкер туралы айтып, жанайқайын жеткізген еді. Ол бүтін бір Қаратал ауданының тұрғындарын уысында ұстаған ағайынды Смаиловтардан көрген қорлығын жайып салды. Алайда кәсіпкерге тағылған ауыр айыптарға қарамастан сот залында оны босатып жіберген деп хабарлайды «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Мен сот процесінде өзім болғанмын. Судья оны жібере салғанда өз көзіме өзім сенбедім. Бір бап бойынша оны кінәсіз деп тапты, екінші бап бойынша бір жылға соттады. Бірақ сол сәтте-ақ, оны жібере салған. Көзімнің тірісінде әділдікке қол жеткіземін. Анам 50-ге де толмай аурудан қайтыс болды. Әкем де қатты ауырады. Көп балалы отбасының жалғыз асыраушысы менмін", - дейді Әсем.

Әсемнің айтуынша, оның ата-анасы Дүйсеннің фермасында мал баққан. Алғаш рет Дүйсенді ол 5-ші сыныпта көрген.

«Ол кейде бізге ақша, азық-түлік әкеп тұратын. Ата-анам фермада ешқандай демалыссыз жұмыс істейтін. Отбасында алты баламыз. Мен олардың ең үлкенімін", - дейді бойжеткен.

Дүйсен Смаилов оның анасынан небәрі екі-ақ жас кіші болғандықтан, Әсем оны ағасындай көретін.

2007 жылы Әсем құрбы қыздарымен кездесуге барған. Қайтар жолда Дүйсен көлігімен тоқтап, Әсемге апарып тастайтынын айтады.

Тағы оқыңыздар: Шетел асып, саяхатқа шықпақ болған астаналық тұрғындар санын соғып қалды

Дәл осы жолы Әсем басынан азапты сәтті өткерген. Себебі Дүйсен жол бойы оған тиісіп, сексуалды сипаттағы әрекеттерге барыпты.

"Дүйсен аға денеме қолын салып, төсімнен ұстай бастады. Сүйіп алуға әрекеттенді. Мен оны барынша итеруге тырыстым. Ол мені қатты ұстап алып, көліктен шығармай қойды. Үйге апаруды сұрап, жалындым, жалбарындым. Ал ол болса көңілдесім боласың деп, түрлі уәделерін жаудырды", - дейді Әсем.

«Талдықорғаннан пәтер алып беремін, ұл тауып берсең көлік алып беремін деді. Қайтадан тиісе бастады. Менің күшім қалмады. Егер мені зорласа онда Қараталға барып, суға кетемін деп ойладым", - деп есіне алды Әсем.

Бұл жолы Дүйсен оны зорламағанмен, қатты шошып қалған қыз тіпті шарасыздықтан өз өзіне қол салмақ болған. Ол бар сырын әпкесіне айтады. Ал Дүйсен болса енді оның артынан қалмайтынын, іздеп тағы келетінін айтыпты.

Қатты азаптанып, жиіркенген қыз жіп алып, асылуға бел буады. Алайда асылып тұрған жерінен оның інісі келіп қалып, құтқарып қалған. Қатты қылғынғандықтан Әсемнің басында ісік пайда болады.

Ал ол ем алып жүрген кезде Әсемнің анасы Дүйсеннің үстінен арыз түсірген. Алайда оның арызының учаскеде көзін жойып, ата-анасын фермасынан қуып жіберген.

Кейіннен Әсем емделіп, қаржы мамандығы бойынша білім алып, Алматыға жұмыс істеуге келген.

Тағы оқыңыздар: Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды (видео)

Ал биыл ағайынды Смаиловтардың үстінен арыз түсіп, оны ІІМ-нен бейтаныс майор іздеп келіп, қайтадан сол түнді еске алуына түрткі болады. Басылымның жазуынша, Дүйсеннің қылмысы Әсемсіз де өте көп екен. Ол тағы бір орыс қызын зорлап, тіпті кісі өлтірді деп күдіктеліпті.

Смаиловтардың қорғаушылары оған қанша ақша ұсынса да, Әсем оны алмай қойған.

"Былтыр анам қайтыс болды. Жерелуі кезінде оны Дүйсен қатты соққыға жыққанын білдім. 2007 жылы ол арыз жазған кезде Дүйсен оны ұрған екен", - дейді Әсем.

Ал сот залында Смаиловты жібере салғаннан кейін, ашынған қыз Алматы облыстық сотына апелляциялық арыз түсірген. Оның айтуынша, Смаилов өз ісіне жауап беруі керек. Оны бұл істе Алматы облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Сәрсембаев қолдап, барлық жасаған ісі үшін жауапқа тартуға көмек қолын ұсынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590165-almatylyq-zhas-boyzhetkendi-zorlamaq-b.html