RU

"Астана" футбол клубы шотландиялық "Селтиктен" ойсырай ұтылып, ұятқа қалды

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуде "Астана" футбол клубы шотландиялық "Селтиктен" ойсырай ұтылды. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Глазгодағы ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталған. Есеп 5:0.

Ойынның 32 минутында қазақстандық Евгений Постников өз қақпасына гол соғып алды. Кейін шотландиялық Скотт Синклер ойынның 42-ші және 60-шы минутында екі гол соқса, 79-шы минутта Джеймс Форрест тағы бір гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық боксшы Альвареске Головкинді қалай жеңу керектігін айтты

Ал ойынның 88 минутында доп Игорь Шитовтың аяқ тұсынан өтіп, қақпаға барып кірді.

Айта кетейік, бұл - "Астана" клубының тарихындағы ең үлкен жеңіліс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590173-astana-futbol-kluby-shotlandiyalyq-sel.html