RU

ОҚО-да тойға келген жастар қонақтардың назарын аудару үшін аспанға бірнеше рет оқ атқан (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті тойда болған атыс фактісі бойынша қылмыстық із қозғады деп хабарлайды NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың 15-ші тамызында шамамен түнгі сағат бірде Сайрам аудандық ІІБ кезекші бөліміне Ақсукент маңындағы ресторанның алдында атыс болып жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер тойға келген жастардың жұрт назарын аудару үшін аспанға белгісіз қарумен бірнеше мәрте оқ атқанын анықтаған. 

Аспанға атылған оқ алдымен «Бентли» автокөлігіне, кейін 1952 және 1996 жылғы әйел адамдарға тиді. Зардап шегушілер алған жарақатымен аудандық аурухананың медициналық көмегіне жүгінген. Кейінірек үйлеріне қайтарылды», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Тағы оқыңыздар: Шетел асып, саяхатқа шықпақ болған астаналық тұрғындар санын соғып қалды

Сайрам аудандық ІІБ қызметкерлері жүргізген дереу іздестіру шаралары нәтижесінде ОҚО-ның 1992, 1993, 1996 жылғы тұрғындары ұсталды. Олардың екеуі бұрын сотталған болып шықты.

Қамауға алынғандардың бірінің үйін тінту барысында полицейлер аңшылыққа арналған 12 калибрлі шолақ мылтық, екі травматикалық пистолет және әр түрлі оқ-дәрілер тапқан.

Ал екінші күдіктінің «Мерседес» автокөлігінің салонынан 16 калибрлі аңшылық мылтығы тәркіленді.

Тағы оқыңыздар: Қытайдағы қазақ боксшының әділетсіз жеңілісі жанкүйерлердің наразылығын тудырды (видео)

Аталмыш факт бойынша Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" және "Қару-жарақтарды заңсыз пайдалану, сақтау, беріп жіберу, тасымалдау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590284-oqo-da-zhastar-toygha-kelgen-qonaqtardy.html