RU

Желі қолданушылары Еркенің бала кездегі суретін Төреғалиға ұқсатты (фото)

Ерке Есмахан желіде бала күніндегі суретін жариялады. Әнші өзінің мұрны пұшық, құлағы қалқан болса да жаман болмағанын айтады.

"Мен ғой! Неге бұндай, өзім түсінбеймін?! Қас жоқ, мұрын пұшық, қалқан құлақ Ерке!

Не болсада, жаман болмадық! Құдайға шүкір",- деп жазған ол.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаева ас үстеліне шығып алған кенже қызының суретін көрсетті (фото)

Еркенің суретін көрген оқырмандары оны Төреғалиға ұқсатқандарын жарыса жазып жатты.

"Төреғали ма десем, аумай қалыпсыздар", "Төреғали екен деп отырмын", "Мынау Төреш қой" ,- деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590351-zheli-qoldanushylary-erkeninh-bala-kezd.html