RU

Астанада бір аптадан бері ешкім іздемеген кішкентай қыздың әкесі табылды (фото)

Астана қаласының полиция қызметкерлері 10 тамызда түнгі сағат 01:00 шамасында Қабанбай батыр көшесінде табылған қыздың әкесін тапты деп хабарлайды Астана қаласының ІІД-нің бапасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазір қыздың анасы, Павлодар қаласының тумасы, 1988 жылы Дамиля Ахметшинаны іздеу жұмыстары жалғасуда.

Қыздың әкесі 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны Вячеслав Гераськоның айтуынша, азаматтық некедегі әйелімен бірге тұрмағандарына екі жыл болған.

2015 жылы әйелі Теміртау қаласынан қызы Милананы алып Астана қаласына көшіп кеткен, содан бері хабарласпаған. Вячеслав әйелінің спирттік ішімдіктерге құмар екенін де жасырмады.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да тойға келген жастар қонақтардың назарын аудару үшін аспанға бірнеше рет оқ атқан (фото)

Полиция қызметкерлерінің Милананың ата-анасын іздеп жатқандығы туралы ол өз таныстарынан естіген.

Қыз бала әзірше балалар үйінде болады. Себебі әкесінің тұрғылықты баспанасы мен тұрақты жұмыс орны жоқ. Қазіргі уақытта Вячеслав Қарағанды облысының Осакаровск ауданындағы құрылыс алаңында жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, кішкентай қыз 10 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында Қабанбай батыр көшесінде табылған еді.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, сәби өте ашық әрі ата-анасын мүлде іздемейді. Миланадан анасының атын сұрағанда бүлдіршін Сәуле деп, ал әкесінің атын Қуандық, Болат, Әнуар деп әртүрлі есімдерді атаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590394-astanada-tunde-tabylghan-kishkentay-qy-2.html