RU

Жантүршігерлік жол апатында екі аяғынан айырылған қыз бокспен айналыса бастаған (фото)

Екі ай бұрын Алматыда болған жантүршігерлік жол апатында екі аяғынан бірдей айырылған алматылық Екатерина Парафиева бокспен айналыса бастаған. Бұл туралы оның құрбысы Кира Ударцева Facebook желісінде мәлімдеді.

Ударцева Екатеринаның бірнеше суретін жариялапты.

"Сүйінші хабарымыз бар! Екатерина БОКС үйреніп жатыр! Таяуда мықты бапкер Бабякин Владимир Катяға иық бұлшық еттерін осылай шынықтыру керек деп шешіпті! Қателеспеген екен! Көңілі көтеріліп, жадырап қалды! Ұнағанда қандай! Катя туа бітті боксшы! Бірнеше соққы түрлерін үйренді", — деп жазды құрбысы.

Тағы оқыңыздар: Шетел асып, саяхатқа шықпақ болған астаналық тұрғындар санын соғып қалды

Оның сөзіне сүйенсек, Екатеринаға спорттық тағам алып келіпті, дайындық та қызға қатты ұнаған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590401-zhanturshigerlik-zhol-apatynda-eki-ayaghy.html