RU

Ашаның көп сөйлейтінін айтқан күйеуі әншіні ел алдында ұялтып тастады

"Еуразия" арнасындағы "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі Аша Матайға жары Арман Қоңырбаев тосын сый жасады. Ол студияға арнайы келіп, жары Аша Матайдың сезімінен үміткер екенін айтты. Ашаға деген сезімін білдірген ол елді күлкіге қарық қылды.

"Мінезіңіз жақсы секілді, бірақ көп сөйлейсіз", - деп жайып салды ол ойын.

Аша жарынан мұндай сөзді күтпесе керек, ол қатты таңғалып: "Арман мені біраз ұялтты", - деп, көрермендеріне ағынан жарылды.

Тағы оқыңыздар: Желі қолданушылары Еркенің бала кездегі суретін Төреғалиға ұқсатты  (фото)

Осыдан кейін жұлдызды жұп барша жанкүйерлеріне қалай танысқандарын баяндап беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590462-ashanynh-kop-soyleytinin-aytqan-kuyeui.html