RU

Ана тілін ұмытып қалған министр Сүлейменов жарты жылда қазақша үйренді ме? (видео)

2017 жылдың қаңтар айында Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға жарты жылдың ішінде қазақша үйреніп аламын деп уәде берген болатын. Содан бері министр біліктілігін арттыру мақсатында өз ана тілінде барынша тырысып есеп беріп жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен Мәскеуде бес жыл жүріп, ана тілімді ұмытып қалдым. Бірақ, алты айдың ішінде үйреніп аламын», — деді Сүлейменов қаңтарда.

Мінекей, министрдің өзі межелеген күнге де жеттік. 8 тамызда өткен үкіметтің соңғы отырысында Тимур мырза тағы да қазақ тілінде есеп берді.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Төлешовтің люкс санатындағы сегіз көлігі сатылымға шықпақшы

NUR.KZ порталының редакциясы Сүлейменовтің қазақ тілін білу деңгейін қазақстандықтар қалай бағалайтынын әлеуметтік желі арқылы білуді жөн санады.  

«Өз сөзінде тұрған министр - бұл енді жақсы», «Ең бастысы - үйренген, жақында толықтай меңгеретініне сенемін. Жарайсыз!», «Еркек айтты, еркек істеді», «Жарайсыз! Барлығы да осылай өз уәделерінде тұрса ғой...», - деп пікір білдірді желі қолданушылары министрдің сөз сөйлеу мәнеріне.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590680-oz-ana-tilin-umytyp-qalghan-ministr-sul.html