RU

Алматы маңындағы арнайы операция: ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар үш адам ұсталды

Алматы облысында Ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы басқарманың жедел қызметкерлері қылмыстық топтарға қатысы бар деген айыппен екі күдіктіні ұстады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қарасай ауданында 30 жастағы ер адам 3 млн теңге көлемінде алаяқтық жасамақшы болды деген айыппен қамауға алынды. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек ауылында 27 жастағы тұрғын «ТТ» пистолетіне ұқсас травматикалық қарумен ұсталды.

Құрықталғандарың екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, Есік ауданында жүргізілген арнайы шараның кезінде «Стриммер» пистолетіне ұқсас тағы бір травматикалық қару 22 жастағы жігіттен табылған», - деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Төлешовтің люкс санатындағы сегіз көлігі сатылымға шықпақшы

Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, ұсталған 3 күдіктінің екеуі қазір уақытша қамауда отыр.

«Жыл басынан бері аудандық полицейлер жеке тұлғалардан заңсыз сақталған 89 қару тәркіледі. Олардың алтауы травматикалық, бесеуі газдық, жетпістен астамы тегіс ұңғылы қару», - деп толықтырды ІІД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590761-almaty-manhyndaghy-arnayy-operaciya-uyy.html