RU

Алматы облысында қару асынған шетелдік ұсталып қалды

Қауіпсіздік қызметкерлері Алматы облысының тауларында адасып жүрген қарулы шетелдікті ұстады деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға Райымбек ауданында тіркелген. Тамыздың 16-сы күні шекарашылар таудан 41 жастағы Қырғызстан азаматын ұстап, аудандық полицияға алып келді.

«Сұрақтарға жауап беру кезінде ұсталған шетелдік жоғалған малын іздеп жүріп тауда адасып кеткенін, сөйтіп байқамай мемлекеттік шекарадан өтіп кеткенін айтты. Аталған адамда өзімен бірге 7,62 калибрлі «Тигр» мылтығы болған», - деп хабарлады облыс полициясының қызметкерлері.

Тағы оқыңыздар: Қазаққа тұрмысқа шығуды армандаған орыс қызы жеті баламен жалғыз өзі күнелтіп жүр (видео)

Олар қарудың тәркіленгенін, шетел азаматы қаруды ұстауға рұқсат беретін қандай да бір құжат көрсете алмағанын айтты.

Қырғызстан азаматы «Қазақстан мемлекеттік шекарасының режимін» бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Сонымен қатар оған қатысты атылатын қаруды заңсыз ұстағаны үшін сот алды тексеру жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1590956-almaty-oblysynda-qaru-asynghan-sheteld.html