RU

ТҚЖБ басшысы халыққа кафеге шашылмай, үй алу үшін ақша жинауға кеңес берді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша ақша үнемдеу керектігін айтты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Ләззат Ибрагимованың есептеуі бойынша, айлық табысы 140-150 мың теңгені құрайтын әрбір қазақстандық орта есеппен айына жинақтау қорына 40 мың теңге салып тұра алады.

Тағы оқыңыздар: Әйеліне қол көтерген ер адам құлақсыз қалды

12 айда жиналған 480 мың теңге жыл соңында мемлекеттен 96 мың теңге, ал банктің өзінен тағы 2 пайыз қосылады. Нәтижесінде, 600 мың теңге жиналады. Ал үш жылдың ішінде 1,8 млн теңге болады, ол пәтердің алғашқы төлемақысы бола алады.

«Әрине, үй алғысы келген адам өзін мейрамханалардан, той-томалақтан шектейді. Себебі оған керегі үй ме, әлде ойын-сауық па?», - деді өз сөзінде Ләззат Ибрагимова.

Сонымен қоса, алғашқы төлемақыға ақша жинап жатқан уақытта үш жыл бойы адам қайда тұрады деген сұрақ туындайды. Жалдамалы пәтердің төлемақысын төлеп жатқан адамда онсыз да ойын-сауық пен көңіл көтеруге ақша қалмайды.

«Сіздерге жақсы жаңалықты жеткізгім келіп отыр. Қазақстанда «Бәйтерек» холдингі кепілді баспана құрылысының қоры жұмыс істейді. Ол тұрғындарға құрылыс жұмыстарының аяқталуына кепіл береді және үлестік құрылысқа қатысуға мүмкіндік береді. Міне, біз осы жылдың қыркүйек айынан бастап «Астана Миллениум Паркіне» құжат қабылдауды бастаймыз. Бұл үйлердің шаршы метріне 290 мың теңгеден болады», - деді Ләззат Ибрагимова.

Ол үлестік құрылысқа берілетін несие кепілсіз берілетінін атап өтті.

«Базис» компаниясының обьектісі болып отырған бұл құрылыс «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып саналады», - деді ТҚЖБ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591114-tqzhb-basshysy-khalyqqa-kafege-shashylmay.html