RU

Астананың үш тұрғыны ер адамды зорлап тастады

Астанада 32 жастағы елордалық тұрғынды зорлаған үш ер адам сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сәуірде Астананың үш тұрғыны спирттік ішімдік ішкен. Қала кафелерінің біріне бара жатқан олар Уәлиханов көшесінде 32 жастағы ер адаммен танысқан. Олар жаңа танысымен бірге пәтеріне барып, арақ ішкен.

Жәбірленуші көп мөлшерде арақ ішіп қойғаннан кейін ұйықтап қалыпты. Сол кезде үш ер адам зардап шегушіге сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған.

Тағы оқыңыздар: Әйеліне қол көтерген ер адам құлақсыз қалды

Зардап шегуші сексуалдық зорлық қана емес, дене жарақатын да алған. Бірнеше сағат үйде мәжбүрлі түрде болған ол қашып шығып, жақын маңда орналасқан мешіт ғимаратына кіреді. Мешіт имамы болған оқиғаны полицияға хабалап, күдіктілер ұсталды.

Күдіктілер айыпты деп танылып, әрқайсысы жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591136-astananynh-ush-turghyny-er-adamdy-zorlap.html