RU

Есімов үшін алаңдаған астаналық оған тағы бір компания ашып беруді ұсынды

Астана тұрғыны «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аяқталған соң ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жұмыссыз қала ма деп алаңдаулы деп хабарлайды NewTimes.kz.

Тұрғын Серғали Балажан бұл пікірімен өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Астананың үш тұрғыны ер адамды зорлап тастады

«ЭКСПО көрмесі аяқталуға жақын. Демек, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы да көп ұзамай таратылады. Ахметжан Есімов пен оның командасын жұмыссыз қалдырмау үшін «Астананың 20 жылдығын тойлау» Ұлттық компаниясын құруды ұсынамын. Келер жылы Астанаға 20 жыл толады», - деп жазды автор.

Мұны оқыған желі қолданушылары автордың жазбасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, тіпті бірі көрме аяқталған соң Есімов мырза Астана әкімі болып қалады деген болжам да жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591148-esimov-ushin-alanhdaghan-astanalyq-oghan.html