RU

Назарбаев: Латын қарпіне көшу орыс тілінен бас тарту емес

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  "Хабар" агенттігіне берген сұхбатында кириллицадан латын қарпіне көшуге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ. 

"Латын тіліне көшу, орыс тілінен бас тарту дегенді білдірмейді. Латын ең алдымен қазақ тіліне тікелей қатысты болмақ. Орыс тілінде шығатын басылымдар дәл қазіргідей шыға береді, яғни, Қазақстанның орыс тілді азаматтарына солай қалады", - деп түсіндірді Назарбаев.

Тағы оқыңыздар: Қазақстан халқының саны 18 миллион адамнан асты

Сондай-ақ Қазақстан президенті халықаралық EXPO-2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары және өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде әңгімеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591254-elbasy-otandyq-telearnalardynh-birin.html