RU

Барселона орталығында қанды терактіден 13 адам қаза болды (фото, видео)

Барселонаның туристер көп жүретін Рамбла көшесінде қанды теракт болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

17 тамыз күні болған терактіден қаза болғандар саны анықталды. Каталонияның ішкі істер кеңесшісі Жоаким Форн Twitter парақшасында 13 адамның қаза болғаны туралы ақпарат жариялады. Ал зардап шеккендер саны 50-ден кем емес деп жазады Лента.ru.

Куәгерлердің айтуынша, көлік басқарған белгісіз азамат адамдар жиналған аймаққа баса көктеп кіріп, бәрін басып-жаншып өткен. Кейін дүңгіршекке соғылып, ізін жасырыпты.

Тағы оқыңыздар: Талдықорған-Өскемен тас жолынан мезі болған жүргізуші министрмен кездескісі келетінін айтты (фото)

Полицейлер бұл жағдайды теракт деп бағалап, күдіктіні іздестіруде.

БАҚ куәгерлердің аймақта атыс болып жатқаны туралы сөздерін жарыса жазып жатыр. Болжам бойынша, екі қарулы азамат қаланың мейрамханаларының біріне кіріп кеткен.

Can't believe this I'm on Ramblas, heard screaming & whole street ran- a car believed drove in2crowd- had walked down 10secs earlier pic.twitter.com/LPGBCYupfv

— Aamer Anwar (@AamerAnwar) 17 августа 2017 г.

Оқиға орны қоршауға алынып, жедел жәрдем зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591476-barselona-ortalyghynda-qandy-terakti.html