RU

Барселонадағы терактінің куәсі болған қазақстандықтар қалай аман қалғандарын айтып берді

Испанияда демалып жүрген қазақстандық журналист Гүлнар Жандағұлова Барселонада болған террорлық актінің куәсі болды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Журналист оқиға болардан аз уақыт бұрын ғана Рамбла көшесінен бұрылып кеткен екен.

"Жедел жәрдем көліктері дамыл таппай жүр. Барселонаның Рамбла көшесі жағажайға апарар жол. Сондықтан онда адам көп жүреді. Сондай-ақ, онда танымал қалалық базар орналасқан", - дейді қазақстандық журналист.

Тағы бір отандасымыздың NUR.KZ-ке хабарлауынша, Барселонадан шыға берісте барлық автокөліктер тексеріліп жатыр.

Cadena SER радиосының мәлімдеуінше, Барселонаның орталық көшесінде фургон кем дегенде 13 жаяу жүргіншіні құрбан еткен.

Тағы оқыңыздар: Барселона орталығында қанды терактіден 13 адам қаза болды (фото, видео)

Еске салсақ, Барселонаның орталығында фургон туристер арасында танымал Рамбла көшесінде жүрген жаяу жүргіншілерді қағып өткен.

Фургон жүргізушісі оқиға орнынан жаяулатып қашып кеткен. Кейінірек екі күдікті анықталып, олардың орталықтағы мейрамханалардың бірінде бекініп алғаны туралы белгілі болды.

Полиция болған жайтты террорлық акті деп бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591540-barselonadaghy-teraktininh-kuasi-bolgh.html