RU

Алматыда тегін косметологқа жүгінген зейнеткер 300 мың теңге кредит төлеуге мәжбүр

Алматылық зейнет жасындағы әжей сұлулық салонына тегін қызмет алу үшін барып, нәтижесінде 300 мың теңгеге кредит алу туралы келісімшартқа қол қойып қайтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Портал редакциясына әйелдің күйеу баласы Евгений хабарласып, болған жайтты айтып берді. Егде жастағы әйелді Алматыдағы медициналық орталықтардың бірі косметологқа тегін кіруге шақырған.

Қуанған әйел косметологтың ұсынған барлық қызметін көрген. Ал соңында оған белгісіз құжатқа қол қойғызып алған. Евгенийдің айтуынша, зейнеткерді оған көрсетілген ем шаралар тегін екенін айқындайтын құжат деп алдаған.

Тағы оқыңыздар: Тамақтың орнына тасты шайнап жейтін қария жұрттың таңданысын тудырды (видео)

Алайда зейнеткер 298 973 теңге кредит алғаны туралы келісімге қол қойғанын үйге келгенде бір-ақ біледі. Ал оның үстемесі в 45,4% болып көрсетілген. Келісімге қосымша құжатта оған көрсетілген қызмет құны 600 мың болған, бірақ оның құнын 258 мыңға арзандатып берген.

Қазір бұл отбасы сот алды талапарыз дайындап жатыр.

Тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Светлана Романовская бұл жағдайдан шығатын жолды айтып берді.

«Мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі. Депутат болған кезімде мен тұтынушылардың құқын қорғау туралы заңнамаға өзгеріс енгізу үшін жұмыс істедім. Егер келісімшартта тұтынушыларды алдау немесе олардың құқығына шек қою туралы бөлімдер болса, мұндай құжат сотқа дейін де, сот бойынша да жарамсыз болып табылсын деген норма болатын. Бұл әйелге тұтынушылар лигасына бару керек, біз оған көмектесеміз. Бұл қызмет тегін. Ол сотқа дейін шешелітен мәселе», - дейді Светлана Юрьевна.

NUR.KZ тілшісі медициналық орталыққа хабарласып көрді. Колл-орталық қызметкері тұтынушыларға тегін ем шаралардың бар екенін нақтылады. Алайда басшылығымен байланысуға мүмкіндік болмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591584-almatyda-tegin-kosmetologqa-zhuginge.html