RU

Бойжеткен ғашығын ренжітпеу үшін туған сәбиін құмырсқаның илеуіне тастап кетті

21 жастағы Сидни Уойтастик - Техас тұрғыны. Ол өзінің жаңа туған қызын жігітін ренжітіп алмау үшін көшедегі құмырсқаның илеуіне тастап кеткен. Бұл туралы  Лайфқа сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Сәби Техастағы Хьюстон көшесінде шамамен таңғы сағат 10:00 шамасында табылған. Баланың жылаған дауысын бірінші болып көрші Альберт Петерсон естіген. Альберттің айтуынша, баланың денесінде толықтай құмырсқалар болды және оның кіндігі кесілмеген жұлынып алынған еді.

Полиция қыздың анасын тез арада тауып алды. Ол 21 жастағы Сидни Уойтастик болып шықты. Бір қызығы жас ана өзінің әрекетін жасырмады, өз қолыммен істедім деп мойындады.

Тағы оқыңыздар: Тамақтың орнына тасты шайнап жейтін қария жұрттың таңданысын тудырды (видео)

Жас ананың үстінен іс қозғалды, оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Сәби қазір ауруханада жатыр, оның бойынан бактериялық инфекциялар табылған және жүрегі бірнеше рет тоқтап қала жаздаған.

Сиднидің анасы қызды қайтадан асырап алуға ниет білдіріп отыр, оның айтуынша ол да қызының аяғы ауыр екенін соңғы сәтке дейін білмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591599-boyzhetken-ghashyghyn-renzhitpeu-ushin-tugh.html