RU

Баласының жөргегін ауыстармақ болған келіншек оның аяғын сындырып қойды

Уэльсте жас ана баласының жөргегін ауыстырып жатып, оның аяғын сындырып қойғаны үшін бір жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Лайф сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Епсіз ана баласының жөргегін ауыстыру барысында оның әлі толықтай қатаймаған аяқтарын сындырып алды. Баланың аяғындағы сынықтарды дәрігер тексеру барысында байқап, жедел түрде Уэльс еліндегі ауруханаға жеткізді.

Айыптаушы тарап анасының баласына артық күш қолданғанын айтып отыр. Себебі, тіпті кішкентай баланың да аяғын сындыру оңай емес деп отыр.

Тағы оқыңыздар: Сәнді сақал қоятын отандық жұлдыздар кімдер?

Онымен қоса жас ана бұл жайтты өз ата-анасынан жасырып, дәрігерлерге сынықтың түрлі себептерін айтып, алдамақшы болған. Ол аурухана қызметкерлеріне бала сәбилерге арналған отырғышта отырып, аяғын қысып алды деген.

Епсіз ана қазір бір жыл төрт айға темір торға қамалды. Соттың айтуынша, оның басқа да балалары бар, бірақ оларды уақытша сауықтыру орталығы өз қарамағына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591683-balasynynh-zhorgegin-auystarmaq-bolgha.html