RU

Астана маңында адам сүйектері табылды

Ақмола облысындағы орман алқабынан белгісіз адамның қаңқасы табылды деп хабарлады Sputnik Қазақстанға өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Адамның сүйегін Астана қаласының 51 жастағы тұрғыны кешкі сағат 19 шамасында Малотимофеевка елдімекенінен үш шақырым жерде Астана-Қостамар автожолының бойындағы орман алқабынан тауып алған.

Тағы оқыңыздар: Баласының жөргегін ауыстармақ болған келіншек оның аяғын сындырып қойды

Мүрде Астана қаласындағы сот-медицина орталығына жеткізіліп, зерттеулер белгіленді.

Әзірге табылған адамның кім екені анықталған жоқ, тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591750-astana-manhynda-adam-suyekteri-tabyld.html