RU

Жұлдыз жорамал бойынша ең жақсы әйелдер кімдер?

Жұлдыз жорамал бойынша ең жақсы әйелдер кімдер? Бұл сұраққа жауапты мамандардың пікірінен біліңіз деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жұлдыз жорамал бойынша ең жақсы әйелдер кімдер?
Жұлдыз жорамал. Көрнекі фото: avtograf22.ru

Тоқты – бәсекелес әйел

Тоқты әйел – өте мықты және еркектің бойындағы әлсіздікті аса ұната бермейді. Оған өте күшті, төзімді әрі нағыз тірек бола алатындай еркек қажет. Сондықтан да тоқтылар өзіне лайық жарды тапқан кезде тез арада нәзік әйелге айналып, күйеуге шығып алуды ойлайды.

Содан соң ең қызығы басталады: отбасылық ұрыс-керіс пен келіспеушіліктер ылғи да жалғасатын болады. Дегенмен, ажырасу туралы әңгіме мүлде болмайды.

Торпақ – мотиватор әйел

Торпақтар көбінесе сымбатты әрі жеңіл ойлайтын жігіттерге құмар келеді. Себебі олармен өте көңілді. Бірақ махаббат махаббатымен, қажеттіліктерді өтеу керек. Торпақ әйелдердің қалауы ауқымды келеді: көлік, үй, саяхат.

Тағы оқыңыздар: Астана маңында адам сүйектері табылды

Ол өзнің өмірлік серігін күнделікті мотивация беру арқылы, тіпті кейде қорқыту арқылы армандарын орындауға мәжбүрлейді. Сондықтан да торпақ әйелдердің қолына түскен жігіттер тез арада бай әрі жетістікке жеткен ересек адамға айналып шыға келеді. Егер төзімі мықты болса, әрине.

Егіздер – айна әйел

Егіздер – аса қауіпті келеді, ішінде жасырған құпиясы мол. Кейбір әйелдердің қасында жігіттер өзін хандай сезінеді, кейбір әйелдердің қасында жолы болмаған бейшара ретінде сезінеді. Ал егіздердің қасында еркектер өздерінің шын мәнінде кім екенін біледі.

Алдаудың қажеті жоқ себебі егіздер барлық мәселеге тура қарайды әрі нақты айтады. Сондықтан да болар егіздер бақытты келеді.

Шаян – мінсіз әйел

Шаян-әйелдерді тұрмысқа шығуға көндіру оңай емес, алайда қолыңыз жетіп жатса қуана беруіңізге болады. Себебі шаяндар аса ақылды, әдемі, тіпті үй шаруасына да пысық келеді.

Үй ішін мінсіз таза ұстайды, балаларды да өсіріп үлгереді, жұбайының туысқандарымен де жақсы араласады. Сүйіктісін ылғи демеп отырады. Себебі отбасы ол үшін ең бастысы.

Арыстан – патшайым әйел

Арыстан әйелдер күйеуге тек өзін толықтай қамтамасыз ете алатын жігіттерге шығады. Содан соң отбасымен бірге одан әрі жақсы жетістіктерге жетіп, мол табыс табуына еңбек етеді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда Toyota жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (фото)

Патшайым әйелдермен тек мықты жігіттер ғана бірге тұра алады. Себебі арыстандар отбасында бәсекелестің болғанын ұнатпайды. Сондықтан әркім өз рөлін бірден бөліп алады: әйел әдемі болып жүру керек, ал еркек оны барлық жағынан барынша толықтай қамтамасыз ету керек.

Бикеш – ақылды әйел. Өте ақылды.

Бикештер табиғатынан өте ақылды келеді, оған ештенені түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Онымен барлық нәрсе туралы әңгіме айтуға болады. Ол ылғи да қолдайды және ұтымды ақыл айтып отырады. Ол жақсы жар, жақын дос.

Сондықтан болар, бикештердің күйеуінің достары болмайды. Алайда бикештер бір нәрсені ойласа оны міндетті түрде қандай жолмен болса да  іске асырады, содан соң ақылды әйелдерге сай күйеуінен жәй ғана кешірім сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591861-zhuldyz-zhoramal-boyynsha-enh-zhaqsy-ayeld.html