RU

36 баланы қоқыс жәшігінен тауып, асырап алған кейуана жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

36 баланы қоқыс жәшігінен тауып, құтқарып қана қоймай, олардың анасы атанған кейуана көпшілікті тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Лю Сяоин 88 жасқа келген. Денсаулығы ауыр кейуана бүгінде емханада жатыр. Өмір бойы қоқыс тазалаушы болып жұмыс істеп келген кейуана ең алғаш рет қоқыстан кішкентай нәрестені тапқанда өз көзіне сене алмайды.

Лю оны құтқарып, ақшасы жоқтығына қарамастан, асырап алады. Ал өмірлік серігі әйелдің бұл шешімін толықтай қолдаған.

Айта кетерлігі, Қытайда қоқыс жәшігіне жаңа туылған нәрестені лақтыра салу таңсық жағдай емес. Нәтижесінде жүрегі кең кейуана өмір жолында 36 баланы қоқыс жәшігінен құтқарып, бауырына басқан.

Кейуананың осы  әрекеті көпшілікке үлгі болары сөзсіз.

Тағы оқыңыздар: Жұлдыз жорамал бойынша ең жақсы әйелдер кімдер?

Тағы оқыңыздар: Астана маңында адам сүйектері табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591867-36-balany-qoqys-zhashiginen-tauyp-asyrap.html