RU

Астаналықтар мектепке баратын балаларын 300 мың теңгеге киіндіруде

Оқу жыл басталуына аз уақыт қалды. Мектеп киімдерінің саудасы қызып тұр. Ауылды жерлерде мектепке бала киіндіру 20 мың теңгенің көлемінде болса, Астананың қалтасы қалың тұрғындары балаларын 257 мың теңгеге дейін киіндіруде деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елорданың орталық базарында шамамен 19,5 мың теңге көлеміндегі қаражатқа баланы толық киіндіруге (аяқ-киім мен жейдені қосқанда) болады. Шалбары, пиджагы және жилеті бар костюм 15 мың теңге тұрады. Бірақ оның бағасын 12 мыңға дейін түсіруге болады.

Тағы оқыңыздар: Бір ай бұрын із-түзсіз кеткен 18 жастағы жігіт Қостанай облысынан өлі күйінде табылды

Қыз балаларға арналған шалбар немесе белдемшені 4 мың теңгеге, жейдені 3 мыңға, пиджакты 6 мың теңге шамасында ала аласыз. Аяқ-киім бағасы 6 мыңнан 14 мың теңге дейінгі аралықта. Сауда орталықтарының бутиктерінде сапасы жақсы мектеп киімдерін сәйкесінше 35 мың теңге шамасында сатып алуға болады.

Әлемдік брэндтердің киімдері сатылатын дүкендерде мақтадан жасалған жалғыз ақ жейде бағасы 105 мың теңгеге дейін барады, орташа баға - 40 мың теңге. Ұл балаға арналған мектеп формасының жиынтық бағасы - 275 мың, оған пиджак (119 мың теңге), шалбар (44,6 мың теңге), жейде (54,8 мың теңге) туфли (57 мың теңге) кіреді.

Тағы оқыңыздар: Қостанай облысының тұрғыны туған қызын екі жыл бойы зорлап келген

Қыздарға арналған жиынтық бағасы - 257 мың теңге, онда пиджак (104,8 мың теңге), белдемше (49,4 мың теңге), жейде (43,4 мың теңге), туфли (60 мың теңге) бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1591966-astanalyqtar-mektepke-baratyn-balal.html