RU
Африканың ең бай адамы Арсенал клубын өзбек олигархынан сатып алмақшы
Жаңалықтар Спорт

Африканың ең бай адамы Арсенал клубын өзбек олигархынан сатып алмақшы

Расказать Вконтакте

Африканың ең бай адамы Алико Данготе лондондық "Арсеналды" сатып алу туралы ниеті бар екенін жеткізді деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Африканың ең бай адамы Арсенал клубын өзбек олигархынан сатып алмақшы

Алико Данготе. Фото: fc-metalist.com

Оның сөзінше, қазір ол Нигерия аумағында мұнай өңдеу зауытының құрылысымен айналысуда.

"Сол жұмысым біте салысымен бірден "Арсеналға" кірісемін. Тіпті клуб сәтсіздіктерге тап болып жатса да, мен оны қолдаймын. Олар үздік команда, егер оның иесі болсам, жағдайы одан әрі жақсара түседі", - дейді Данготе.

Тағы оқыңыздар: Астаналықтар мектепке баратын балаларын 300 мың теңгеге дейін киіндіруде

Бизнесмен клубты қазіргі иелері америкалық Стэн Кронке (акцияның 67 %) мен ұлты өзбек Әлішер Усмановтан (акцияның 30%) сатып алуға мүмкіндігі жететініне сенімді.

"Егер оларға жақсы ұсыныс тастаса, олар орындарын босататына сенімдімін. Оларға лайықты ұсыныс жасайтын адам табылады", - дейді Данготе.

Мамыр айында Усманов Кронкеге "Арсенал" акцияларының бақылау пакетін 1,3 млрд еуроға сататынын жеткізді, алайда ұсыныс қабылданбады.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
9
4
20
7
0
8
36
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір