RU

Қапшағайлық алаяқ әйел төрт млн теңгені жымқырып, Ресейге тайып тұрды

50 жастағы Қапшағай қаласының тұрғыны құқық қорғау органдарынан ұзақ уақыт бойы Ресейде қашып жүрген. Оны Алматы әуежайында Санкт-Петербургтен ұшып келген уақытында құрықтады деп хабарлайды  Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Күдікті әйел Капшағай қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Полиция жылжымайтын мүлік саласындағы әйелдің қатысы бар делінген алаяқтық фактілер бойынша қылмыстық тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ішкі іштер қызметкерлерінің айтуынша, алаяқтық фактілер 2014-2015 жылдарға тиесілі. Алайда оған ресми түрде 2017 жылы жәбірленушілер тобының шағымынан кейін ғана іздеу салынған.

Қылмыстық іс жүргізу материалдарында әзірге Қапшағай қаласының жеті тұрғынының шағымы тіркелген. Оларға келтірілген материалдық зиянның жалпы көлемі төрт миллионнан асып түсті. Полиция шын мәнінде жапа шеккендердің бұдан көп болуы мүмкін екенін айтады. 

Тағы оқыңыздар: Мақпал Жүнісова өзіне Болат Назарбаевтың не себепті демеушілік жасайтынын айтты

«Жапа шеккендердің айтуы бойынша, әйел оларға сатылымға қойған пәтері үшін алдын ала төлем алған. шындығында аталған пәтер ұзақ жылдар бойы банктердің бірінде несиелік кепілде тұрған. 

Ал енді біреуінен алаяқ әйел "мемлекеттен пәтер мен жер учаскесін алып беремін" дегені үшін ақшалай сыйақы алған", - дейді облыстық полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592087-qapshaghaylyq-alayaq-ayel-tort-mln-tenhge.html