RU

Жарылқап Қалыбай: Қазақ тілі мәселесін көтергендердің бәрі қуғынға ұшырап кетеді

Елімізге танымал журналист Жарылқап Қалыбай елімізде қазақ тілі мәселесін көтерген адамның бірден қуғынға ұшырап, фашист және террорист атанып кететініне күйінді. Ол "Эйр Астана" компаниясына қатысты өз басынан өткен оқиғаны парақшасында жазды.

"Мен Эйр Астанамен сәуір айында Алматыдан - Астана - Франкфурт на Майнеге дейін ұштым. Орыс және ағылшын тілінде аудио xабарлама жасалды, қазақша жасалған жоқ. Стюардесса қыздардың біреуінен "неге қазақ тілінде xабарлама жасалған жоқ?" деп едім, жауап бермеді. Кейін білдім, борттағы 5-6 стюардессаның бірде-бірі қазақша сөйлемейді екен",-дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Астаналықтар мектепке баратын балаларын 300 мың теңгеге киіндіруде

Аталған дауға қатысты ол бірнеше мәселе көтеремін деп, басының дауға қалғанын да жазды.

"Ал, мен бұл мәселеде бір рет мәселе көтеріп, бірақ жазықсыз жазалы болғандықтан, еш жерге арызданбадым. Себебі, басқасын қойғанда, әділет іздеп жүрген оппозициядағы қазақтың өзі қазақ тілін қорғамақ түгілі өздері сөйлемейді және қазақ xалқының тілдік қысым көріп отырғанына көз жұма қарайды, ал Қазақстандағы xалық бұл мәселеде басым көпшілігі орысша сөйлеп, қазақща сөйлеген адамның аузын жабуға айналды. Тілдік әділетсіздік мәселесін көтерген кез-келген қазақтілді адамды орыстілді баспасөз бен орыстілді адамдар "националист", "фашист", "террорист" деп айдар тағып, барлығы жабылып қуғындайды, биліктің полицей, прокурор, соты сол мәскеушіл-шовинист топтың айтқанын істеп, сені жазықсыз жазықты етіп соттайды, қылмыскер етіп шығарады",-деген журналист.

Еске салсақ, Жарылқап Қалыбай "Жұлдыздар отбасы" мен "Аңыз Адам" журналдарының бас редакторы қызметін атқарған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592252-zharylqap-qalybay-til-maselesin-koter.html