RU

Шымкентте "өлген" адам "тіріліп" кетті (фото)

Шымкенттің Самал-3 шағын ауданында келеңсіз жағдай орын алды. Қираған үйде дәрет сындырмақ болған екі азамат, ғимарат ішінде жатқан адамды байқаған деп хабарлайды TVK сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Тағы оқыңыздар: Ауру анасын жетектеп тоғайда тұрып жатқан жігітке "NUR.KZ" оқырманы көмек қолын созды (фото)

Қимылсыз жатқан денені көргендер- бірден полицяға хабарласыпты. Қызық- оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткенде басталған. Өйткені өлдіге саналған азамат ұйқысынан оянып жиналғандардың зәресін алыпты. Сөйтсе, ащы судан ұрттап алған ол-әйелімен ренжісіп қалған екен. Кейін ұйқысын қандырып алу үшін қираған үйге кірген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592277-shymkentte-olgen-adam-tirilip-ketken.html