RU

Ағасы зорлаған 10 жасар қыз ана атанды

Үндістанда 10 жастағы зорлықтың құрбаны болған қыз 17 тамыз күні қыз баланы дүниеге әкелді деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұған дейін Үндістан жоғарғы соты қаршадай қыздың түсік жасатуына рұқсат бермеген болатын. Іштен жарып алу арқылы жаңа туған нәрестенің салмағы екі жарым килограмм. Мұндай сирек кездесетін жағдай Үндістанның солтүстігіндегі Чандигарх қаласында тіркелді.

Тағы оқыңыздар: Африканың ең бай адамы Арсенал клубын өзбек олигархынан сатып алмақшы

Ресми дереккөздерге сүйенсек, жас ана мен оның 35 аптасында дүниеге келген нәрестесінің қазіргі жағдайы қанағаттандырарлық. Он жасар қыз өзінің ана болғандығын түсінбеген де. Ауруханада оған іші ауыратындығына байланысты ота жасалады деп түсіндірген. Оның жүктілігі бір ай бұрын ғана белгілі болған. Үндістан БАҚ-ның хабарлауынша, 10 жасар қызды оның ағасы зорлаған. Ол қамауға алдынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592300-aghasy-zorlaghan-10-zhasar-qyz-ana-atandy.html