RU

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Еліміздің кей өңірлерінде күн 37 градусқа дейін ысиды деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыдай антициклонның ықпалында болады. Елдің батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс жартысында алдағы күндері күн ашық болады, күндіз термометр бағанасы 28-37 градусқа дейін көтеріледі.

Тағы оқыңыздар: Алматыда Toyota жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (фото)

Республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс жартысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Желдің күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Түнгі ауа температурасы 2-12, күндіз 20-32 градусқа дейін ысиды.

Оңтүстік аймақтарда желге байланысты дабылды ескерту жарияланған. Қызылорда облысында 19 тамызда солтүстік-шығыс, солтүстік желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстік-Қазақстан облысында 18-20 тамызда тәулік бойы солтүстік-шығыстан секундына 17-22 метр жел соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592447-sinoptikter-aldaghy-ush-kunde-aua-rayy-q.html