Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шекарадағы атыс: ҰҚК күдіктілердің ұсталғаны туралы хабарлады

Опубликовано:

Шекарашылар ескертуін елемей, оларға қарсы тас атып, шекарадан заңсыз жылқы өткізбек болған Жамбыл облысының тұрғындары анықталды деп хабарлайды "Астана".

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры айтты.

Заңсыз әрекетке жол бергендердің барлығы тергеліп жатыр. Дархан Ділмановтың айтуынша, олар Қырғызстаннан келген контрабандалық жүкті, яғни жылқыны шекарадан заңсыз өткізбек болып, қоршауларды бұзған.

"Заңбұзушылыққа қатысқан барлық тұлғаларға қатысты және шекара қызметіндегі инженерлік-техникалық нысанға нұқсан келтірген барлық тұлғалардың әрекеті анықталып, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жуық арада барлық нәтижелер белгілі болады", - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.

Тағы оқыңыздар: Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Еске салайық, өткен жексенбіде Жамбылдағы қазақ-қырғыз шекарасында оқ атылып, адам өлді. Шекара қоршауларын бұзбақ болған 20 шақты адамды шекарашылар тоқтатпақ болады. Алайда, олар сақшыларға тас атып, жарақаттайды.

Заңсызсыздықты тоқтату үшін шекара қызметкері оқ атып, бір адам ажал құшады. Қазір екі тарапқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шекарашының қару қолдану әрекетінің заңдылығы да тексерілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1592456-shekaradaghy-atys-uqk-kudiktilerdinh-us/

pixel