RU

Зорлаудың құрбаны болған он жастағы қыз ана атанды

Үндістанда зорлаудың құрбаны болған он жастағы қыз 17 тамызда қыз босанды. Үндістанның Жоғарғы соты қызға түсік тастауға рұқсат бермеген деп хабарлайды centralasian.org.

Дүниеге келген сәбидің денсаулығы жақсы, салмағы екі жарым келі деп хабарлайды дәрігерлер. Бұл оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Чандигарх қаласында болған.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте жас жігіт көпірден секіріп кетті

Дәрігерлер 35 аптадан кейін босанған қыз бен оның сәбиінің денсаулығы бірқалыпты дейді. Он жастағы қыз әлі де өзінің ана атанғанын білмейді екен. Ауруханада оған ішінің ауруына байланысты ота жасаймыз деген.

Қыз баланың жүкті екенін анасы тек бір ай бұрын ғана білген. Ішінің ауыратынына байланысты дәрігерлерге көрсетуге әкелген. Үндістанның ақпарат құралдары қызды зорлаған ағасы екенін жазады. Оны қамауға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592485-zorlaudynh-qurbany-bolghan-zhastaghy-q.html