RU

Төсекте ғашығын өзге жігітпен шатастырып алған қазақстандық ару жанайқайын жеткізді

Қазақстандық ару Instagram желісіндегі парақшасында басынан өткерген қиын жағдайды баяндады. Бойжеткен төсекте сүйіктісін өзге жігітпен шатастырып алған. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жаныма батып барады. Ішімдегі сырыммен бөліскім келеді. Мен екі жыл жігітіммен бірге тұрып келдім. Бірге жұмыс істеп, бақытты ғұмыр кешкен едік. Алайда бір күні бәрі өзгеріп сала берді. Сол күні су жаңа көлік алған жігітіме достары құттықтап келген болатын. Мен дастархан жайып, түнге дейін қастарында отырдым. Кейін әңгімелеріне кедергі болмайын деп өз бөлмеме ұйықтауға кеттім", - деп есіне алды бойжеткен.

Ару төсекте жатқанында қасына жігіті келді деп ойлағанын сөз етті.

"Көрпе астында жігітім мені шешіндіре бастады. Оянып кетіп, оған бұрыла бергенімде, жігітімнің орнында оның досы екенін ұқтым. Ал сол сәтте есікте болған жігітім ашу үстінде досын тепкілеп, мені шашымнан сүйреді. Соққыға жығып, заттарын жинап кетіп қалды", - деп жалғастырды бойжеткен.

Тағы оқыңыздар: Зорлаудың құрбаны болған он жастағы қыз ана атанды

"Сол сәтте ұйықтап жатқан едім. Өзге жігіт қойныма кіріп кететінін күтпедім. Оның үстіне ол артымнан келіп оятқанда ғана бөтен адам екенін түсіндім... Жақында маған жігітмнің құрбыма үйленіп жатқанын хабарлады. Құрбымнан мұндай жаңалықты естімеген едім. Енді жаным екі есе ауырады. Ол мені тастап кеткенде, жігітімді төсекте шатастырып алғаным үшін жанымды жегідей жеп едім. Ал енді мұның бәрі менен құтылу үшін жасалған қойылым болдым ма деген ой мазалайды", - деп күйінді ару.

Бұл жазба желіде қызу талқыға түсіп, пікірталас тудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592520-tosekte-ghashyghyn-ozge-zhigitpen-shatast.html