RU
Танымал сүр бойдақ Тәуекел Мүсілім келер жылдың маусымында отау құруы мүмкін
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал сүр бойдақ Тәуекел Мүсілім келер жылдың маусымында отау құруы мүмкін

Расказать Вконтакте

Отандық шоу бизнестің әйгілі сүр бойдағы Тәуекел Мүсілім келер жылдың маусымында отау құруы мүмкін. Бұл туралы болжамды танымал экстрасенс NUR.KZ порталына айтып берді.

Танымал сүр бойдақ Тәуекел Мүсілім келер жылдың маусымында отау құруы мүмкін

Тәуекел Мүсілім. Фото: Comode.kz

Тәуекел Мүсілім желіге қырғыз актрисасымен түскен суретін жүктегеннен бері, көпшілік өнер иесінің жеке өміріне қатысты түрлі пікірлер айтуда.

Әсіресе, қазақстандық қыз-келіншектер отандық шоу бизнестің жарық жұлдызын қырғыз аруына «қимай», оған «өз ұлтымыздан келін түсір» деп кеңес берумен болды.

Осы орайда, танымал экстрасенс Жігер Садықов та Тәуекелдің жеке өмірінде орын алатын өзгерістер туралы айтып, оның қашан отау құратыны туралы болжам жасады.

Тағы оқыңыздарИталияда тұратын қазақ бишісі ондағы өмірі туралы айтып берді (фото)

Отандық экстрасенстің айтуынша, әзірге Тәуекелдің жүрегін жаулаған ару жоқ, алайда келер жылы сымбатты әнші өз теңін тауып, шаңырақ көтеруі әбден мүмкін.

«Қазір Тәуекелдің сүйіктісі жоқ деп айта аламын. Себебі, одан жалғыздық энергиясын көріп тұрмын. Ол үнемі ер адамдардың ортасында ғана жүреді. Бірақ 2018 жылдың алғашқы жартысында ол өз сүйіктісін кездестіріп, көп ұзамай сол аруға үйленіп, шаңырақ көтеруі әбден мүмкін. Нақтырақ айтсам, менің болжамдарым бойынша келесі жылдың маусым айында үйленіп, неке қиюы тиіс», - деп топшылады белгілі экстрасенс.

Сіздің реакцияңыз
12
2
13
10
50
23
57
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір