RU

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Жексенбі күні елдің басым бөлігінде күн ашық болады. Оңтүстік шығыста, елдің орталығы мен шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Елдің оңтүстігінде жел күшейіп, соңы шаңды дауылға ұласады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және күндіз кей жерлерде жауын жауады. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жауып жел күшеюі мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Канада мен Қытайдағы жанкүйерлер Қанат Исламның жекпе-жегіне жаппай билет алып жатыр

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, соңы шаңды дауылға ұласуы мүмкін. Қарағанды облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде және таң ата тұман түседі. Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады. Атырау облысы мен Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

 

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592892-zheksenbi-kuni-elimizdinh-basym-boligi.html