RU

Әли Ахмедов: Хиллді жеңуім - тек бастамасы ғана

Америкалық бұған дейін жеңіліп көрмеген боксшы Кертис Хиллді 4-ші раундта жеңген отандық кәсіпқой-боксшы Әли Ахмедов WBC Youth World Champion нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық спортшы.

Nur.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Әли Ахмедов эмоциясымен бөлісіп, өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты.

- Бірінші кезекте айтайын дегенім, Кертис Хилл өте салмақты. Оған қарсы жекпе-жекке ұзақ дайындалуыма тура келді. Біз менің жаттықтырушыс Сағатбек Мұсахановпен оның күшті әрі әлсіз жақтарын зерттедік. Өте жақсы сараптамалық жұмыс жасап, кездесуге физикалық және психологиялық дайындықпен келдік.

- Сіз Кертис Хиллмен жекпе-жекті басынан-ақ жедел аяқтауды жоспарладыңыз ба?

- Біздің спорт түрінде алдын-ала бірдеңені жоспарлаудың салдары өзің күткендей болмауы мүмкін. Мен әрдайым барлық раундқа дайындаламын. Қазіргі жағдайда мен рингте барлық 10 раундты өткізуге дайын болғанмын. Әрбір кәсіби боксшы көрермен алдында сайысты қызықты аяқтағысы келеді.

Сайысқа шыққанда мен басынан-ақ нокаутқа бағытталамын, сапалы жекпе-жек көрсеткім келеді. Мен Хиллмен сайысты 4-ші раундта аяқтай алдым. Жақындарым мен жаттықтырушымның, жанкүйерлерімнің үмітін аяқтағаныма шексіз қуаныштымын. Өзімнің жеңісімді және алғашқы титулымды өз халқыма арнаймын! Мен Қазақстан сияқты керемет елде туылып, өскеніме мақтанамын!

Тағы оқыңыздар: Қазақстан боксшысы WBC нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы атанды

- Әли, бір айдан кейін қыркүйектің 9 күні Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі бокс кешіне қатысу керек болады. Сіз үшін туған жеріңізде, жанкүйерлеріңіздің алдында өнер көрсетудің маңызы қандай?

- Әрине, мен туған елімде өнер көрсететінімен өте қуаныштымын. Бұл мен үшін өте үлкен абырой және өз еліңде болған соң, барыңды салуға міндеттейді. Мен үшін халқымның мені мақтан тұтқаны аса маңызды. Өз тарапымнан спорт жанкүйерлеріне менің боксым ләззат сыйлауы үшін барымды саламын.

Отандастарыма 9-шы қыркүйек күні өте қызу сайыс болады дегім келеді. Себеб онда шығатын боксшылардың баршасы әуесқой және кәсіпқой бокста үлкен тәжірбиесі барлар. Сол күні тікелей эфирде және залда отырған көрермен барынша жақсы эмоция алады деп ойлаймын.

Еске салсақ, 9-шы қыркүйектегі сайыстың басты ұйымдастырушылары: Мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры, «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК, сондай-ақ, инвестициялы-өндірістік «Жерсу» корпорациясы.

Айта кетсек, 9-шы қыркүйектегі боксш кешінің билеттері сатылымға шықты.

Билеттерді мына сауда нүктелерінен алуға болады:

«Керуен», Достық 9

Телефон нөмірі: +7 778 544 27 62

«Мечта» Республика даң, 45

Телефон нөмірі: +7 778 544 27 63

«BiletiAstana.kz» кеңсесі, Победа даңғылы, 34

Телефон нөмірі: +7 778 347 88 01

4.«Астана Арена» кассасы, Тұран даңғылы, 54

Телефон нөмірі: +7 778 347 88 01.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593110-ali-akhmedov-khilldi-zhenhgen-zhenhisim-ulk.html