RU

Ресейде әлем чемпионын белгісіз біреу ұрып өлтірді (видео)

Әлеуметтік желіде пауэрлифтинг спортынан әлем чемпионы Андрей Драчевті Хабаровск қаласының орталығында соққыға жыққанын көрсететін видео жария болды деп хабарлайды Baq.kz.

Видео көріп отырғанымыздай, бір жігіт Драчевті айналып тебу әдісімен тебеді. Бұл соққыдан құлап қалғанына қарамастан, оны жатқан жерінде басынан аямай ұрып тастаған.

Тағы оқыңыздар: Ресейдегі ең беделді қазақ губернаторлардың бірі қатты науқас

Драчев ауруханада көз жұмды.

Хабаровск құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, күдіктінің кім екені анықталған. Қазір оны ұстау шаралары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593253-reseyde-alem-chempionyn-belgisiz-bire.html