RU

Өз әріптесімен төсек қатынасына түскісі келетіндердің қарасы көп болып шықты

Зерттеушілер жұмыс орнында әріптесімен төсек қатынасына түскісі келетіндер әлем бойынша тұрғындардың 42 пайызын құрайтынын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Daily Star басылымының мәліметіне сенсек, жақында ғылыми зерттеу жүргізіліп, кеңсе қызметкерлерінің жартысына дерлігі (42 пайызы) әріптесімен жыныстық қатынасқа түсуді армандап отыратыны анықталған. Олар бұл қалауын барынша жасырын ұстайды екен. Ал 11 пайызы басшысымен төсек қатынасына түсуге ынтық болады.

Тағы оқыңыздар: Танымал ресейлік жүргізуші Астана велокомандасының формасын киді (фото)

Бір қызығы сауалнамаға қатысқандардың төрттен бірі бұл арманын жүзеге асыра алғандығын айтып, ағынан жарылған. Ал 30 пайызы жұмыста әріптесі болмаса да, сүйіктісімен төсек қатынасына түсіп үлгерген болып шықты.

Айта кетерлігі, бұл жайтқа көбіне корпоративтер мен әріптестердің бір бірімен әлеуметтік желі арқылы араласуы себеп болады екен.

Британиялық ғалымдар әдетте мұндай қарым-қатынас 11 айдан бір жылға дейін созылатынын жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593413-oz-ariptesimen-tosek-qatynasyna-tusk.html