RU

Кешіккені үшін 100 рет отырып-тұрған 15 жастағы қыз тіл тартпай кетті

Қытайда 15 жасар қызды кешіккені үшін бастығы 100 рет отырып-тұрғызып жазалаған. Нәтижесінде жасөспірім оттегінің жетіспеушілігінен қайтыс болып кетті деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сяо Фей есімді жасөспірім әкесінің еміне ақша табу үшін  оқуын тастап, жылжымайтын мүлік компаниясына жұмысқа орналасады.

Әкесінің айтуынша, қызды бастығы кешіккені үшін жазалаған. 100 рет жаттығу жасаған қыз кешке үйіне келгенде өзін жайсыз сезініп тұрғанын жеткізген.

Тағы оқыңыздар: Өз әріптесімен төсек қатынасына түскісі келетіндердің қарасы көп болып шықты

Қыз баланың келесі күні таңертең аяғы қозғалмай қалған, бірнеше күннен кейін қолы да қозғалудан қалады.

Аяқ-қолы жансыз болып қалған қыздарын ата-анасы дереу ауруханаға жеткізеді. Ақ халаттылар оны бірден жансақтау бөліміне жатқызады.

Тексере келе дәрігерлер Сяоға жүйке жүйесінің шаршауынан болатын Гийена – Барре синдромы деген диагноз қойған. Сяо 10 күннен кейін ауруханада қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593466-keshikkeni-ushin-100-ret-otyryp-turghan-15-zhas.html