RU

Соттың кесірінен төсек қатынасына түсе алмаған ерлі-зайыпты өтемақы талап етті

Лондонда заң басқармасы Даун ауруымен ауыратын жігітке «өз еркімен дұрыс шешім қабылдай алмайды» деп бір жылға әйелімен жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салған деп жазады life.ru.

Сот орындаушысы науқастың әйеліне күйеуімен төсек қатынасына түсуге тыйым салған. Бұйрықты бұзған жағдайда әрекеттің қылмыс болып саналатынын ескерткен.

Соттың айтуынша ер адам жыныстық тәрбиеден өту керек болған. Әйеліне күйеуінен алшақ болу үшін басқа бөлмеге көшуге тура келген. Бірақ емделу уақыты бір жылға кейін шегерілген.

Тағы оқыңыздар: Кешіккені үшін 100 рет отырып-тұрған 15 жастағы қыз тіл тартпай кетті

Сот төрағасы Марк Хедлидің айтуынша, ерлі-зайыптыларға 2015 жылдың наурыз айында төсек қатынасына бармау туралы бұйрық берілген, алайда психологтардың қажет деп санаған емі бір жылға кейін шегерілген.

Тек бір жыл уақыт өткен соң ғана науқас ем қабылдап, дәрігерлердің айтуынша жақсы нәтиже көрсеткен. Ол бір жылдың ішінде жұбайларға жақын қарым қатынасқа түсуге рұқсат етілгендігін айтып отыр.

Жәбірленушінің әпкесі аудандық соттан бір жыл бойы әйелімен жыныстық қатынасқа тыйым салғаны үшін 12,9 мың көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593521-zhynystyq-qatynasqa-tusuge-tyyym-salgh.html