RU

Теміртауда дүкеннен тұтынушыны қуып шыққан полицей жазаланды (видео)

Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлағандай, Теміртауда тұтынушыны супермаркеттен итеріп, қуып шыққан полицей жазаланды.

Желі қолданушысы Жан Ботанов eGov.kz порталындағы министрдің блогына шағымданып, Теміртауда көлігін ауыстырып қою үшін ер адамды дүкеннен итеріп шығарған полицейге қатысты пікір білдіруді сұраған.

Тағы оқыңыздар: Америкалық журналистер Храпуновтың былықтарын әшкере етті

"Қарағанды облысы ІІД жергілікті полиция қызметі қызметтік тергеу жүргізіп, нәтижесі бойынша қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды", — деп жауап берді ІІМ басшысы блогында.

Полицейдің өзі түсіндіргендей, қалаға "күзетілетін адам келгендіктен", тұтынушы көлігін басқа жерге қоюға тиіс болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593550-temirtauda-dukennen-tutynushyny-iter.html