RU

Дін өкілдері құрбандыққа шалынатын малдың алдында селфиге түспеуге кеңес берді

Қазақстан мұсылмандары үшін қажылық сапар басталды. Дін басқармасы қажылар үшін есте ұстау керек жайттарды тағы бір еске салады.

"Алла бұйырса, бұл қажылық бұрыңғы қажылықтан өзгерек болайын деп тұр. Биылғы қажылықтың басты жаңалығы ретінде жерлестерімізді отандық әуекомпанияның тасымалдайды. Чартерлік рейс, Алланың қалауымен, Мекке мен Мәдинаға 4-5 сағатта жетеді. Бұл – үлкен жаңалық. Қажылыққа барам деушелір арасында жасы 80-нен асқан қарияларымыз көп кездеседі. Оларға арнайы өзінің күтушісімен, қамқор болатын жанашыр туысымен бірге баруға кеңес береміз. Өйткені, күннің қатты ыстығы мен адам нөпірі кез келген қарт адамның денсаулығына әсер етпей қоймайды", - дейді қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев.

Қажылыққа сапар үшін әр адамға миллионнан аса қаржы жұмсалады.

"16 фирманың пакеттері әртүрлі. Мәселен, ҚМДБ жанынан ашылған Tawaf travel компаниясының «эконом» пакетінің бағасы 3800 АҚШ доллар. Ал «стандарт» пакеттің құны 4200 АҚШ доллар. Бұл бағаға Мекке мен Мәдинаға ұшақ билеттері, екі мезгіл ыстық тамақ, бес литр зәм-зәм суы, Мина мен Арафаттағы жайлы шатырлар, қасиетті және тарихи орындарға зиярат жасау, ерлер мен әйелдерге арналған қажылық киімі, жол және қол сөмкелері кіреді", - дейді Бейбіт Мырзагелдиев.

Тағы оқыңыздар: Туған ауылындағы әрбір адамға шалқыған өмір сыйлаған олигарх жұртты сүйсіндірді

Қажылық сапар мұсылманнан қарыссыз, таза болғанды талап етеді.

"Біздің қолданыстағы заңнамаға сай, қажылыққа тек шетелге шығуға рұқсаты жоқ азаматтар ғана бара алмайды. Жалпы, қажыдан алған барлық қарыздарын өтеп, отбасын азық-түлікпен, қажетті қаражатпен, ең бастысы оларға көркем насихат айтып кетуі талап етіледі. Қасиетті жерге қарызсыз, таза барған абзал. Алла таза болғандықтан, таза нәрсені жақсы көреді. Құранда осы мағынада келетін аяттар бар", - дейді дін өкілі.

Мүфтият мамандары құрбан шалу кезінде селфиге түсуге мейлінше сақ болуға шақырады.

"Бас мүфтиіміз Құрбан айт қарсаңында құрбандыққа шалынып жатқан малдың алдында селфиге түсіп, мұсылманға жат әрекетке бармауды айтты. Адам өзінің Алла арасындағы құлшылығын барынша құпия ұстаса оның сауабы да артады. Дұрыс, кейде кейбір нәрселерді өзгелер үшін ғибрат мақсатында жариялауға болады. Мәселен, садақа жария амалдарды. Садақа жария дегеніміз – көпшіліктің игілігі үшін атқарылған іс-шаралар. Мәселен, көпір, жол салу, мектеп тұрғызу, мешіт-медресе құрылысына көмектесу, ауылға су құбырын тарту, т.б. Ал жеке құлшылық амалдарды риясыз жасаған ұнамдырақ. Алла Елшісі өзінің бір хадісінде: «Қабыл болған қажылықтың сыйы – жәннат», – деген. Ал қажылық риясыз құлшылықтың арқасында қабыл болады", - дейді қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593639-din-okilderi-qurbandyqqa-shalynatyn-m.html