RU

Қостанайда неке қию сарайынан шыққан жас жұбайлар жол апатына түсті (фото)

Қостанай қаласында жаңадан отау құрып, үйлену тойына бара жатқан жас жұбайлар мінген автокөлік жол апатына ұшырады деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға 19 тамыз күні Ленинград және Садовой көшелерінің қиылысында болған. Негізгі жолда той болатын мейрамханаға кетіп бара жатқан «КИА» жеңіл көлігін көше қиылысында жоғары жылдамдықпен келе жатқан ВАЗ 2114 автокөлігі келіп соққан. Салдарынан күйеу жігіт пен қалыңдықтың миы шайқалып, басқа да түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген.

«Жас жұбайлар көлігін біздің үйдің ауласының жанына қойып, өздері қыдырып жүрген болатын. Біраз уақыт өткен соң олар той болатын мейрамхананы бетке алды. Жас жұбайлардың көлігі жол ережесін бұзған жоқ. Олар көшенің қиылысынан өте бергенде ВАЗ 2114 көлігі жоғары жылдамдықпен келіп, «КИА-ны» қағып өтті. Соққының қатты болғаны соншалық жас жұбайлар мінген көлік жол жиегінде өсіп тұрған ағашты қоса жұлып алып, қақпамыздың алдында тұрған көлігімізге келіп соғылды. Абырой болғанда көлігіміздің қасында ешкім болмады», – дейді куәгер Любовь Козлачкова.

Жол апатына түскен жас жұбайларға алғаш болып көмек көрсеткен куәгердің айтуыша, олар сол сәтте неке қию сарайынан шығып, мейрамханаға бет алған.

«Апат болған сәтте күйеу жігіт ес-түзсіз жатты. Ал қалыңдықтың ақ көйлегі қызыл қанға боялған. Қыз жолдастың бетін де қан жуып кетті. Біз күйеу жігітті үйге кіргізіп жатқыздық. Артынша жедел жәрдем шақырттық. Сол кезде екі жақтың туған-туыстары да келді», – дейді куәгер Любовь Козлачкова.

Тағы оқыңыздар: Туған ауылындағы әрбір адамға шалқыған өмір сыйлаған олигарх жұртты сүйсіндірді

Бұл биылғы жылы осы арада тіркеліп отырған 2-ші жан түршігерлік апат екен. Сондықтан, тұрғындар аталмыш жолдың бойында ережеге бағынбай жүйткіген көліктерге тосқауыл болатын беглілерді қойдырту үшін қалалық әкімдікке хат жазып жіберіпті.

«Күйеу жігіт пен қалыңдық, жігіт жолдастың да миы шайқалған. Әрине, тойдың шырқы бұзылды. Біз мейрамханаға жетуге үш-ақ минут қалғанда барылығы аяқ астынан болды», – дейді қыз жолдас болған Гүлшат есімді бойжеткен.

Облыстық ІІД аталмыш жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын бастағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593666-qostanayda-neke-qiyu-sarayynan-shyqqan.html