RU

Қызылордалық жетім балалардың ақшасын иемденген алаяқ қыз жұртты дүрліктірді (фото)

Қызылорда облысында желі қолданушысы жас қыздың тоғыз жетім баланың ақшасын алаяқтықпен алғаны туралы хабарлап, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Біздің Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында тұратын тоғыз балалы Нұржан Қалдыбаевымыз кеше алаяқтарға алданып, 45 мың теңгені Халық банк карточкасына аударып жіберген. Таң атпай соны естіп, жүйкем көтеріліп, қолым жұмысқа бармай қалды. Біз халықтан қайыр сұрап, 200 теңгеден болса да Нұржанның шотына салыңыздаршы деп жалынып жүрсек, мына Нұржанымыз қайдағы бір алаяққа 45 мың теңгені аудара салыпты. Қайран түнімен ұйықтамай пост жазған күн-түндерім-ай... Біздің компания сізге қомақты ақша аударайын деп жатыр, ол үшін сіз бізге 45 мың жіберуіңіз керек депті Нұржан Қалдыбаевқа", - деп күйінді Елмира Ешниязова есімді қоғам белсендісі.

Тағы оқыңыздар: Туған ауылындағы әрбір адамға шалқыған өмір сыйлаған олигарх жұртты сүйсіндірді

Ол жазбамен қоса алаяқтық жасаған қыздың фотосын да жария еткен. Жазбаны оқыған желі қолданушылары 9 балалы азаматты алдап кеткен алаяқ бойжеткенді жазалауды талап етті.

"Тесіп шықсын. Жетім балалардың ақшасын иемденген алаяқ. Алла жазасын береді", "Ойбу, аңқау ағам-ай. Қайтсін енді, көмек деген сөзді естіген соң осындай болады екен деп жылып сала берген ғой. Тоғыз баланың несібесін қағып алған алаяқ тоғыз жылғы несібесінен айырылды", "Ол кісі жақсы адам деп сенген болуы керек, өйткені қазір бәрі сол кісіге көмектесіп жатыр, сіздер сияқты жақсы жандар деп ойлаған", "Қалай ұялмай алдады екен? Елден жасырынады жарайды, Құдайдан жасырына алар ма екен?", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар: Тіс емдетемін деп миллионға жуық ақшасынан "қағылған" астаналық тұрғын жанайқайын жеткізді

Енді бірі алаяққа сеніп, жаза басқан балалардың әкесіне сын пікірлерін жаудырды.

"Оңбағандар... Егер Нұржан аға сол ақшаны өз еңбегімен тапса, онда ақшаны бұлай оңай жібере салмайтын еді. Сіздердің еңбектеріңіз бағаланбай отырған болуы керек", "Неге көмек беріп жүгіріп жүрген адамдармен ақылдаспай, айтпай, ақша түскенде өзі біліп кетеді. Бір ауыз айтпай ма, анық-қанығын білмей оған неге аударып отыр? Маңдай терімен келмегесін қадірін білсін ба енді", - деп күйінді кей желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593736-qyzylordada-9-zhetim-balanynh-aqshasyn-ie.html