RU

Жаздыгүні тон киген отандық жұлдыздар жұрттың таңданысын тудырды (фото)

Әлеуметтік желіде жаздыгүні тон киіп алған отандық жұлдыздардың суреті жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фотоны продюсер Гүлнұр Мамасарипова жария еткен. Желі қолданушылары суреттерді тамашалай отырып, жұлдыздардың жазда тон киіп алғанына таңданыстарын жарыса жаза бастады.

Тағы оқыңыздар: Қызылордада 9 жетім баланың ақшасын иемденіп алған алаяқ қыз жұртты дүрліктірді (фото)

"Тон киетіндей суық емес болар?", "Тонды көрсетіп қалу", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Көп ұзамай продюсердің өзі тон киіп алғандарының себебін түсіндіріп, жазба қалдырды.

"Кеше Медеуде күн суық болды. Тон туралы сұрақтың жауабы", - деп жазды ол желі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593752-zhazdyguni-shuba-kigen-otandyq-zhuldyzd.html