RU

Динара Сұлтан жанды дауыста ән айта алмайтын отандық әншілерге ренішін білдірді

19-20 тамыз күні Алматы қаласында халықаралық «Star of Asia» фестивалі өткен болатын. Музыкалық кешті теледидардан тамашалаған әнші Динара Сұлтан жанды дауыста ән орындамаған отандық эстрада өкілдеріне күйінді.

«Жалпы біздің елімізде жанды дауыста ән салу туралы сөз болғанда әншілеріміздің көбісі оған лайық аппаратуралардың жоқтығын, концерт залдарының акустикасының дұрыс еместігін сылтау қылатын. Мүмкін бір кездері солай болған шығар. Ал қазір ше? Қазір не кедергі?

Отбасымызбен концертті тамашалап отырып отандық әріптестеріміздің біреуі де жанды дауыста айтпағанына таң қалдым. Шетелдік әншілердің 80% жанды дауыста бір емес бірнеше ән орындады. Демек біздің әншілердің де сол жерде жанды дауыста ән салуына мүмкіндік болды ғой?! Сонда қалай болғаны?!», - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Қызылордада 9 жетім баланың ақшасын иемденіп алған алаяқ қыз жұртты дүрліктірді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593780-qazaqstandyq-belgili-anshi-zhandy-dauy.html