RU

Бүкіл елді шулатып, келін түсірген "ауқатты шымкенттіктер" желіні "жарды" (видео)

Әлеуметтік желіде той кортежіне қымбат көліктер мен салт аттыларды қатыстырып, елді шулатқан үйлену тойының видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода кілең қымбат көліктерден және салт аттылардан құралған той кортежі елдің назарын өзіне аударып жатқанын байқауға болады.

"Бұл үйлену тойы қай қалада болып жатыр? Тауып көріңіздер, екі жасқа тек бақыт тілейміз", - деп жазған видео авторлары.

Желі қолданушыларының дені той Шымкент қаласында болды деп топшылады.

"13 деп тұр ғой көлікте. Әрине Шымкент", "Шымкент", "Көлігі күшті екен бәрінен де", "Бұндай тойлар Шымкенттен басқа ешқайда болмайды", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандық белгілі әнші жанды дауыста ән айтпайтын әріптестеріне күйінді

Желі қолданушыларын көліктер мен салт-аттылардан бөлек келіннің киімі де таң қалдырған. Олар келінді сол күні алып қашқан болуы керек деп топшылады.

"Келін не, шашын жалбыратып, қысқа көйлек, масқара", "Бір байдың балапаны шығар?", "Қарапайым көйлекпен келгені несі, той көйлекпен келуші еді ғой", "Алып қашқан болар?", - деп түсінбестік білдірді өзге желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593806-bukil-eldi-shulatyp-kelin-tusirgen-auq.html