RU

Ешкімнің әлі келмеген 300 келі "Қажымұқан тасын" көтерген жас балуанға ел сүйсінген (фото)

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Әмре Бақұстар Астана қаласындағы этноауылда өткен «Тас көтеру» сайысында барлық балуандарды басып озып, бірінші орынға ие болды деп хабарлайды pavlodarnews.

Елордамызда бой көтерген этноауылда тас котеруден жарыс өтті. Ауыр тасты Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған он шақты балуан көтермекші болды, алайда қолдарынан келмеді. 19 жастағы балуанның 300 келі болатын тасты көтергенін көрген жұрт расымен таңданыстарын жасыра алмаған.

«Неге екенін білмеймін, мен қолымнан келетініне сенімді болдым. Ең бастысы тасты дұрыстап ұстап, көтеру техникасын ұмытпаған жөн», - деді жеңімпаз тілшілерге берген сұхбатында.

Тағы оқыңыздар: Қызылордада 9 жетім баланың ақшасын иемденіп алған алаяқ қыз жұртты дүрліктірді (фото)

Қазақтың атақты балуаны Қажымұқан көтерген алып тасты Астанаға Баянауылдан арнайы алып келген. 

"Біз мұндай спорттық-мәдени іс-шараларды батырларымызға деген құрметімізді көрсету үшін өткіземіз, - деді Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев, –Мұндай жарысты біз осымен 3 жыл қатарынан өткізіп келеміз, алайда тек осы жылы алғаш рет тасты бір адам көтере алды"

Ақсулық алып балуанды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов арнайы өзі құттықтады және батырға сыйлық ретінде жаңа теледидар берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593922-eshkimninh-ali-kelmegen-300-kilogramdyq-q.html